Сауалнама

Әлеуметтік маркетинг

Мемлекет ушін оңтайлы - 73.7%
Облыс ушін оңтайлы - 15.8%
Оңтайсыз - 10.5%

Дауыс бергендер саны: 19
Бұл сауалнама ушін дауыс беру аяқталды : 07 Шіл 2011 - 13:50

Алматыда   қолөнер шеберлерінің «Шебер» IV республикалық байқауы өтеді.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында аталмыш шараның ұйымдастырушылары мәлім етті.

Естеріңізге сала кетсек, дәстүрге айналған республикалық байқау «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азиядағы Еуразия қорының бастамасымен «Қазақстанда қолөнер және көркемөнер кәсіпшілігін дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Our Нeritage» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты - қолөнер кәсібін дамыту, дарынды шеберлерді іздестіру және қолдау. Аталмыш жобаға ҚР Мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО да  қолдау көрсетіп келеді. Биыл байқау төртінші рет өткізіледі.

«Байқауға өтініштерді қабылдау 10 қаңтарда басталып кетті.  Қабылдау мерзімі 20 ақпанда аяқталады. Одан кейін, әдеттегідей, жұмыстар 7 аталым бойынша  қазылар алқасының сарабына түседі. Конкурстық жұмыстарды өнертанушылардан, суретшілерден, ЮНЕСКО өкілдерінен құралған сараптау комиссиясы бағалайтын болады. Жеңімпаздар мамыр айында фестиваль ретінде өтетін шара барысында марапатталады. Атап өтететінім, марапаттау  рәсімі  әдеттегідей емес, ауқымды шара ретінде өткізілетін болады», - деді «Our Heritage» қоғамдық қорының президенті Айжан Бекқұлова.

Оның айтуынша, байқауға қойылатын талаптар  жылдан -жылға  күшейтіліп келеді. «Біз үшін өтініштер саны маңызды емес, біз алдымен сапасына қараймыз», - деп атап өтті ол.

«Биылғы жеңімпаздар жазда Индияда, бүкіл әлем қолөнершілері өз жетістіктерін паш ететін фестивальға жолдама алатын болады. Бұл шара төрт жылда бір рет өткізілетін қолөнер шеберлерінің ең ірі шарасы болып табылады.  Сондықтан қолөнер саласындағы ең ауқымды шараға ең лайықты жұмыс қана таңдап алынады», - деді А. Бекқұлова.

www.kazinform.kz