Сауалнама

Әлеуметтік маркетинг

Мемлекет ушін оңтайлы - 73.7%
Облыс ушін оңтайлы - 15.8%
Оңтайсыз - 10.5%

Дауыс бергендер саны: 19
Бұл сауалнама ушін дауыс беру аяқталды : 07 Шіл 2011 - 13:50

Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қолданбалы өнер және қолөнерінің отандық шеберлері  Қазақстанның "Қолөнер шеберлері одағын" құру жөніндегі шешімдерін жариялады.

"Одақтың құрылуы дер кезінде қолға алынып отырған маңызды қадам деп санаймын. Біз бұл мақсатқа ұзақ жүріп келдік десем болады. Өйткені, оны құру жөніндегі идея 2008 жылы өткен қолөнер шеберлерінің конференциясында көтерілген болатын. Бірақ, ол кезде қолөнер шеберлері де, біз де  дайын болған жоқ едік. Қазір тіркеуге барлық қажетті құжаттар тапсырылды, өтінішіміз қаралып жатыр, шамамен екі айдан соң,  Одақ тіркеледі. Біздің бірігуіміздің  негізгі мақсаты - елімізде және шетелде қолөнер шеберлерінің дәрежесін көтеру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру,  болашақ жас буын үшін  ұлттық рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау мен дамыту болып табылады",-деді Қазақстандағы қолөнердің дамуына 2003 жылдан бері ықпал етіп келе жатқан «Our Heritage» қоғамдық қорының президенті Айжан Беккулова.

Оның айтуынша қолөнер шеберлерінің Одағы Суретшілер одағы жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады.

"Одақ ең алдымен қолөнер шеберлері үшін көрмелерге, жәрмеңкелерге, тренингтерге және тағы басқа әртүрлі шараларға қатысу жөнінде ақпараттар алуға,  арнайы жасалған "Шебер" сайтына өзі және бұйымдары жөнінде мәліметтер ілуге, тұтынушылардан Одақ арқылы тапсырыстар алуға, шикізаттарды қайдан алуға болатындығы жөнінде толық ақпараттарды білуге, қысқаша айтқанда, қолөнер шеберлеріне қатысты барлық сұрақтарды Одақтан алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Одақ шеберлердің нарыққа шығуын кеңейтуге, Қазақстан қолөнершілер желісін құруға, қолөнер саласына қатысты барлық мәселелерді шешуге ықпал ететін болады",-деп атап өтті А.Беккулова.

Оның атап өтуінше, Одақ сонымен қатар, қолөнер шеберлерін аттестациядан өткізетін болады.

Баспасөз мәслихатына қатысқан қолөнер шеберлерінің ортақ пікірінше, жаңа Одақ ең алдымен барлық шеберлердің басын қосып, қолөнер саласын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек.

www.kazinform.kz