Оған қатысу үшін қаржы-экономикалық мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген жастар 31-наурызға дейін өз құжаттарын тапсыруы керек. Байқаудың жалпы ережесімен танысып, өтінім формасы мен құжаттар тізімін және білім гранттарының бағдарламасы жөніндегі толық ақпараттарды www.tatishevfoundation.kz сайтынан және бағдарламаның серіктестік - жоғары оқу орындарының қабылдау бөлімдерінен алуға болады.
Мектептер мен колледждердің түлектері Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында Халықаралық бизнес университетінде және Халықаралық бизнес академиясында білім ала алады. Оған қазақстандықтармен қатар Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина азаматтары да қатыса алады. Сондай-ақ балалар үйінің түлектеріне артықшылықтар беріледі. Ал Қазақстанның түрлі аймақтарындағы арнайы-орта оқу орындарында білім алуға ата-аналары білім алу шығындарын төлей алмайтын отбасылардың мүгедектігі бар тек Қазақстанның азаматтары ғана қатыса алады.
Жалпы бұл бағдарламаның басты мақсаты - айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттері бар, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеру ұмтылысы бар қаржылық-экономикалық мамандықтардағы ең үздік студенттерді анықтау және қолдау. Сонымен қатар белсенді өмірлік ұстанымы бар, кедергілерді еңсеруге талпынып, мамандыққа ие болуға және алған білімі мен дағдыларын келешекте еңбекті қызметіне пайдалануға ұмтылатын жас мүгедектерді табу және қолдау.
www.kazinform.kz



