Сауалнама

Әлеуметтік маркетинг

Мемлекет ушін оңтайлы - 73.7%
Облыс ушін оңтайлы - 15.8%
Оңтайсыз - 10.5%

Дауыс бергендер саны: 19
Бұл сауалнама ушін дауыс беру аяқталды : 07 Шіл 2011 - 13:50

БҚО әкімі эстрадалық-симфониялық оркестрінің бас дирижері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Александр Шевелев 60 жылдық мерейтойын авторлық концертпен атап өтті.

Онда А.Шевелевтің әр жылдары шығарылған туындылары орындалды.

А.Шевелевтің есімі Ақ Жайық өңіріне кәсіби музыкант, талантты композитор ретінде кеңінен танымал. Өткен жылдың аяғында оған «Мәдениет қайраткері» атағы беріліп, сондай-ақ «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Авторлық кеште мерейтой иесін облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов құттықтап, алғысхат табыс етті, иығына шапан жапты. Сондай-ақ оған Қазақстан Композиторлар одағы басқармасы атынан да құттықтау хат табыс етілді.

 

www.kazinform.kz