Сауалнама

Әлеуметтік маркетинг

Мемлекет ушін оңтайлы - 73.7%
Облыс ушін оңтайлы - 15.8%
Оңтайсыз - 10.5%

Дауыс бергендер саны: 19
Бұл сауалнама ушін дауыс беру аяқталды : 07 Шіл 2011 - 13:50

Бүгін елімізде   «Қазпошта» АҚ-ның «Мерейтойлар, ұмытылмас даталар және мейрам күндері» сериясы аясында көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған пошта маркасы айналымға енді.

Марканы айналымға енгізуге арналған мерекелік рәсімі бүгін, Алматыда Д.Қонаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың вице-президенті Кеңес Аухадиевтің және «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Прімбетовтың қатысуымен өтті.  50 000 таралыммен жарық көрген марка Алматыдағы Қазпошта кеңсесінде таныстырылды.

Салтанатты шарада Ермек Прімбетов көрнекті мемлекет қайраткерінің елге сіңірген еңбектерін ерекше атап өтіп: "Бұл марка ел дамуына зор үлес қосқан біртуар тұлға, қазақтың ардақты ұлы Дінмұхамед Қонаевқа арналған алғашқы қазақстандық марка болып табылады",-деді.

Дінмұхамед Қонаевқа арналған көркем суретті марка төрт бояулы, офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы - жоталы: 28 х 40 мм, номиналы 100 теңге.  Маркада қайраткердің суреті бейнеленген. Авторы, суретші Данияр Мұхамеджанов. Марка «Қазпошта» АҚ топтамасындағы 766-ншы пошталық марка болып табылады.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақстанды 25 жыл басқарған шағында республиканың өнеркәсіп, индустрия, білім, денсаулық сақтау саларының дамуына ықпал етіп, зор үлесін қосты. Д.А. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы, СОКП Орталық комитетінің, КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының мүшесі болды. Қонаев мемлекеттік және партия жұмыстарымен бірге ғылыми жұмыстарын бірге үйлестіріп жүрді. Оның ғылыми жұмыстары тау кен орындары мәселерінің теориясы мен тәжірбиесіне арналған еді.

www.kazinform.kz