Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығымен 24-25 қаңтар күндері «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.
Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 1-7 сынып оқушылары 300-ден астам авторлық жұмыстарын ұсынды, олардың 19-ын павлодарлық оқушылар дайындаған.
«Зерде» жеңімпаздары қатарында - павлодарлық үшінші сынып оқушысы Әмір Ахатов бар. Екінші және үшінші орындарды алтыншы сынып оқушысы Егор Шокель, төртінші сыныпта оқитын Александра Соловьева және жетінші сынып оқушысы Алена Сидорова жеңіп алды.
Алты бала «Жас зерттеуші», «Үздік тәжірибе», «Жеңіске талпынысы үшін», аталымдары бойынша атап өтілсе, жеті мектеп оқушысына «Зерде» республикалық байқауының құрмет грамоталары табыс етілді.
www.kazinform.kz



